Сингапурде өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы командалық сайыста ұлттық құраманың мүшелері — Андрей Тютюн, Ділмұхамет Мұса және Бунед Мирзаметов финалда Үндістан құрамасын 235:231 есебімен тізе бүктіріп, Азия кубогының алтын жүлдегері атанды.
Аралас командалық жарыста Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова да сәтті өнер көрсетіп, үндістандық қарсыластарын 155:153 есебімен жеңіп, Қазақстанның қоржынына тағы бір алтын медаль салды.




Leave a Reply