17:16, 17 наурыз 2026
Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынының мүлкін ұрлады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima көлігінің кабельді жасырын түрде алып кеткені белгілі болды.
Келтірілген материалдық шығын 500 мың теңгені құрады. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерек бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.






Leave a Reply