13:51, 13 сәуір 2025
Абай облысында полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен Абай облысы ПД бастығы — полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Instagram-дағы ведомство парақшасында бөлісті.
«Полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз».Абай облысы полиция департаментінің бастығы — полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан
Жазба астындағы пікірлерде полицейдің жол апатынан қаза тапқаны айтылады. Өзге мән-жай, әзірге белгісіз.
Бұған дейін Атбасарда жол жиегінде тұрған төрт адамды Mercedes көлігі жапырып өткенін жазғанбыз.






Leave a Reply