Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бір айда «Брент» сұрыбы 15 пайызға, «Ви-Ти-Ай» 16 пайызға арзандаған.
Бұл – соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Энергетикалық шикізат нарығындағы құлдырауға бірнеше фактор себеп болған.
Оның бірі Қытай экономикасының өсімі баяулауы мүмкін деген болжам, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұған қоса, АҚШ-тағы мұнай қоры 3,76 млн баррельге ұлғайды деген ақпарат та ықпал етті.
Американың өзге елдермен сауда шиеленісінің сақталуы да мұнайдың күрт арзандуына әкеліп отыр.






Leave a Reply