Әйел босану сәтін желіде тікелей эфирде көрсетті


14:56, 10 қазан 2025

World of Warcraft ойыны арқылы танымал болған интернет-стример Fandy желіде тікелей эфирде босанған алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның тікелей эфирін он мыңдаған адам тамашалаған, дегенмен оның бұл әрекеті көпшіліктің арасында қызу пікірталас тудырды.

Fandy 8 қазан күні әлеуметтік желіде (X, бұрынғы Twitter) былай деп жазды:

«Сәлем, твиттер! Суым кетті, демек, эфирге шығатын кез келді. Босанатын уақыт жетті».

Осы жазбадан кейін Twitch желісінде жарияланған эфир 85 мыңнан астам қаралым жинады, ал пікірлер саны жүздегенге жетті. Көптеген адам Fandy-ны ана атануымен құттықтаса, кейбір қолданушылар жаңа туған сәбиді қаралым үшін пайдаланды деп сынға алды.

«Бейшара сәби – әлі туылмаса да контент үшін «құрбан» болуда «, – деп жазды желідегі ағайынның бірі.

Босану процесі 8 сағаттан астам уақытқа созылды. Осылайша, оқиға желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды – бірі ерлік десе, енді бірі шектен шыққан әрекет деп бағалады.