ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құру туралы мәлімдеме жасады


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы 2 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметін құру туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылғанын еске салды.

Осылайша, жаңа ведомство «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.

«Бұл себептен Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда». ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтіндігі атап өтілді.

Бұған дейін Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізгендігін жазған болатынбыз.