ҰҚК Алматыда тағы бір есірткі зертханасын жойды


09:39, 12 маусым 2025

2025 жылдың мамыр айында Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады:

2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды. Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.» ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.