20:13, 7 қараша 2025
Астанада «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Аталмыш сыйлық баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы мамандардың кәсіби жетістіктері үшін беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл сыйлыққа 400-ден астам өтініш келіп түсті. Шорт-листке 44 үміткер енді. Жұмыстар 11 номинация бойынша ұсынылды, оның ішінде «Жылдың үздік журналисі», «Үздік репортаж», «Үздік жаңалықтар сайты» және басқалары бар.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Сондай-ақ «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының арнайы марапаттары да табысталды.
Арнайы сыйлықты «Казахстанская правда» республикалық газеті – басылымның 105 жылдығына орай, Kazinform ақпарат агенттігі – 105 жылдық мерейтойға орай, Zakon.kz интернет-басылымы – Жұмысшы мамандықтары жылына арналған арнайы аталым бойынша иеленді.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» ұлттық сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылды, олардың 440-ы шорт-листке енді. Осы уақыт ішінде «Үркер» естелік мүсіншесі 133 үздік отандық БАҚ өкіліне табысталды, олардың жұмыстары журналистиканың түрлі салаларында жоғары бағаланды.
«Үркер — 2025» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:
- Жылдың үздік сұқбаты: Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпараттық агенттігі
- Жылдың үздік репортажы: Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Майра Ерғали – «Атырау» газеті
- Жылдың үздік аналитикалық материалы: Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
- Радиостанциядағы үздік жоба: «Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы
- Жылдың үздік фотосуреті: Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Adyrna ұлттық порталы
- Үздік өңірлік БАҚ: «Астана ақшамы» газеті
- Жылдың үздік подкасты: Qstar Group
- Жылдың үздік YouTube-арнасы: Эксперты KZ.
Zakon.kz сайтының редакциясы әріптестерін алған марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейді.
Айта кетсек, «Қайрат» сапындағы Дастан Сәтбаев мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.






Leave a Reply