Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам Қызылорда-Семей жолаушылар пойызында 2 келіден астам марихуана тасымалдаған.
Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.
«Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру». Бас көлік прокуратурасы
Үкім заңды күшіне енді.






Leave a Reply