ҚР СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады


21:45, 24 ақпан 2025

24 ақпанда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстан мен Ресейдің сындарлы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.

Бұған дейін қырғыз елінің үкімет басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келгені хабарланған.