Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш 2025 жылы 3 тамызда Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі аталған шара барысында түсірілген суреттермен бөлісті.
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Сурет: Ақорда
Бұған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізгені хабарланған.





Leave a Reply