10:06, 21 қаңтар 2026
Қазақстан президенті АҚШ президентінің шақыруымен Давосқа барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады», – делінген хабарламада.
2026 жылғы 19 қаңтарда АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырғаны белгілі болды.






Leave a Reply