12:46, 14 қазан 2025
Қарағанды облысында полицейлер ірі көлемде дәрілік препараттарды заңсыз тасымалдаған 40 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру барысында Астана қаласының тұрғыны басқарған көліктен 82 қаптама «Тропикамид», 6 қаптама «Прегабин Рихтер 30» және 240 қаптама «Мидакс» препараты табылып, тәркіленді. Барлық дәрі-дәрмек сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің ықтимал сыбайластарын және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.






Leave a Reply