16:02, 10 маусым 2025
2025 жылдың 10 маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Нұрдәулет Төлеев Сенатта Қазақстанда 82,8 мың адам немесе мұқтаждардың жалпы санының 86,9 пайызы протездік-ортопедиялық көмекпен қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2021 жылдан бастап мүгедектердің әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін, оның ішінде протездік-ортопедиялық көмекті өндірушілер мен жеткізушілерді өз бетінше таңдауға құқығы бар екенін атап өтті.
«Бүгінде порталда 313 протездік-ортопедиялық бұйымдарды жеткізуші тіркелген.Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмектің алты ірі жеткізушісі бар. Олар – Республикалық протездік-ортопедиялық орталығы, «Medicare International» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облыстық протездік-ортопедиялық орталығы» ЖШС, «Көгершін» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Ortoport» ЖШС және «Ортопрот» ЖШС», – деді Нұрдәулет Төлеев.
Жыл сайын мұқтаж азаматтарға 70 мыңнан астам өнім беріледі. 2024 жылы берілгендердің үлесі аталған қаражатқа мұқтаждардың жалпы санынан 87% құрады.
«Қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, ал 2020 жылдан бастап республикалық бюджеттен трансферттер бөлінді. 2024 жылы протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге республикалық бюджеттен 172,5 миллион теңге, биылғы жылы 182,3 миллион теңге бөлінді». Нұрдәулет Төлеев.
Қазақстанда 737 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 95,3 мың адам протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж.
Бұған дейін Шымкентте мүгедек такси жүргізушісін ұрып-соққан қарақшылар түрмеге жіберілгені хабарланған болатын.






Leave a Reply