Қазақстан құрамасы таеквондодан Diamond game 2025 турниріне қатысады


22:56, 10 шілде 2025

11-13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында «World Taekwondo Diamond Game 2025» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Бұл жарыс спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін спортшылардың тізімі төмендегідей:

  • 57 келіге дейін: Альмира Қанат;
  • 67 келіге дейін: Аяулым Асқар, Аида Тәукенова;
  • 68 келіге дейін: Нұрбек Ғазез;
  • 80 келіге дейін: Ергеш Бекасыл.

Командалық және аралас командалық сайыста сынға түсетіндер: Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Кәмила Аймұқашева, Аида Тәукенова.