18:42, 4 наурыз 2026
Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан Thailand Open халықаралық рейтингтік турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті.
Отандасымыз Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында жеңіс тұғырының үшінші сатасына көтерілді.
Аустралиялық Севан Билло жарыс жеңімпазы атанды. Өзбекстандық спортшы Самандар Сайдуллаев екінші орынға ие болды.
Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер Венгриядағы Гран-при турниріне қатысқалы жатқанын жазғанбыз.






Leave a Reply