Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында жеңіліп қалды


16:57, 8 маусым 2025

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптық сында өнер көрсетіп, «Ролан Гаррос–2025» турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда олар әлемнің екінші ракеткалары – италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен кездесіп, 2 сағат 15 минутқа созылған матчта үш сет қорытындысы бойынша қарсыластарына жол берді – 4:6, 6:2, 1:6.

Нәтижесінде италиялық жұп турнир жеңімпазы атанды.

Анна Данилина үшін бұл – «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал. Ол 2022 жылы Australian Open турнирінің финалында ойнаса, 2023 жылы US Open турнирінде микст санатында чемпион атанған еді.