қазақстандықтар әлем чемпионатының финалына бір қадам жетпей қалды


16:45, 23 шілде 2025

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. 21 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыстар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркін жаттығу бағдарламасында ел намысын Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова қорғады.

Отандастарымыз іріктеу сайысында 228.2541 ұпай жинады. Нәтижесінде 13-орынды иеленіп, финалдық кезеңге бір қадам жетпей қалды.

Ақтық сынға үздік шыққан 12 жұп өтті.

Еске салайық, мұның алдында дзюдошы Нұрқанат Серікбаев 2025 жылғы Универсиаданың жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік.