13:57, 30 қараша 2025
«Қазгидромет» 2025 жылдың 1 желтоқсанына арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, ҚР аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жел болады деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын ала мәліметін ұсынған болатын.






Leave a Reply