11:24, 21 қаңтар 2026
2026 жылғы 21 қаңтарда Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі қайта қаралатынын хабарлады.
Министрдің айтуынша, министрлік мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын күшейтеді.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік рәміздерді жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібіне арналған егжей-тегжейлі ережелер әзірлейді. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізіліп, қолдану жөніндегі көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткен азаматтарды марапаттау бойынша қосымша шаралар қарастырылады», – деді Аида Балаева.
2026 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде абайсыздық пен салғырттыққа жол берілмеу керектігін атап өткен болатын.






Leave a Reply