Қазақстанда жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес жобасы әзірленеді


11:10, 17 қыркүйек 2025

Премьер-министр 2025 жылғы 5 қыркүйектегі өкімімен жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес (ҰДАҮ) жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы тапсырмаға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта: «Жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру» – делінген.

Жұмыс тобының құрамына енгізілгендер:

  • ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – жетекші;
  • ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі – жетекшінің орынбасары;
  • ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры – хатшы;
  • ҚР Сыртқы істер вице-министрі;
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • министрліктердің вице-министрлері;
  • ҚР Үкіметі Аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі;
  • ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілі (келісім бойынша);
  • «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • «ECOJER» Қазақстанның аймақтық экологиялық бастамалар ассоциациясының бас директоры (келісім бойынша);
  • «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • «Самұрық-Энерго» АҚ «Энергоүнемділік, инновациялық даму және экологиялық қауіпсіздік» департаментінің директоры (келісім бойынша);
  • «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • ҚР тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • ҚР Химиктер одағының вице-президенті (келісім бойынша);
  • «QAZCEM» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша);
  • БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары (келісім бойынша);
  • GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшысы (келісім бойынша).

Жұмыс тобына 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жаңартылған ұлттық деңгейде айқындалатын үлес жобасын әзірлеп, ҚР Үкіметіне енгізу тапсырылды.