22:05, 23 қаңтар 2026
Юлия Путинцева Australian Open – 2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымдағы матчта түркиялық Зейнеп Сөнмезді (WTA рейтингінде 112-орын) 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңді.
Юлия Путинцева енді Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымында Ива Йовичпен (АҚШ) кездеседі.
Бұл — қазақстандық спортшының Мельбурн корттарындағы ең үздік нәтижесі. Ол бұған дейін 2016, 2020, 2021 және 2025 жылдары үшінші айналымнан әрі аспаған еді.






Leave a Reply