10:29, 20 мамыр 2025
Шығыста күн жылынғалы 230 адамды кене шаққан. Оның сексені бала.
Көбісі Өскемен қаласының тұрындары. Абырой болғанда кене энцефалитіне ешкім шалдықпған.
Ең бастысы кене шаққан адамдарға дер кезінде ем-дом жасалып екпе егілді. Бүгінге дейін 201 адамға иммуно-глобулин вакцинасы салынған.
Ал шығыста тек Өскемен қаласы ғана емес, тағы 10 аудан кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады, деп жазады qazaqstan.tv.
«Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Сондай-ақ облыстың эндемиялық 9 өңірінде мамандармен кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмысы жүргізілуде.» Бағалан Тауанова, облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы






Leave a Reply