19:32, 21 наурыз 2025
Бүгін Шымкентте Наурыз мейрамы Астана алаңында «Наурызнама» атты музыкалық-театрландырылған мерекелік қойылымымен басталып, көптеген іс-шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертті тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мерекелік іс-шарада бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, сәбилерге ақ жол тіледі.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана алаңында мереке аясында мәдениетіміздің асыл қазынасына айналған киіз үйлер тігіліп, этноауыл жасақталды. Мәдениетіміздің асыл қазынасы саналатын ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік думан барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері мен Шымкент цирк әртістері таңғажайып қойылымдар көрсетіп, ұлттық спорт ойындарының сайыстары өтті.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетсек, кешкі сағат 20.00-де отандық және әлемдік танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі






Leave a Reply