Шымкентте жаңа жоғары оқу орны ашылады


16:02, 11 сәуір 2025

Шымкентте жаңа университет ашылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі мен Мәдениет министріне тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналында белгілі болды.

«Мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте халықпен кездесуінде салық реформасы туралы айтып, Дональд Трамптың қандай шешімін құптайтынын айтқан болатын.