14:57, 8 наурыз 2026
Mercedes-ті тізгіндеген британдық спортшы Джордж Рассел Мельбурн қаласында өткен Формула-1 жаңа маусымының бірінші кезеңі — Австралия Гран-приінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Расселдің серіктесі Кими Антонелли мәреге екінші болып келді.
Феррариді тізгіндеген Шарль Леклер мен Льюис Хэмилтон мәреге үшінші және төртінші болып жетті.
McLaren-дегі қазіргі әлем чемпионы Ландо Норрис мәре сызығын бесінші болып кесті.
Жергілікті жанкүйерлер үшін жарыс көңілсіздіктен басталды: австралиялық Оскар Пиастри «қыздыру айналымында-ақ» трассадан шығып кетіп, қабырғаға соғылды.
20-шы болып орнынан қозғалған Макс Ферстаппен алтыншы орынға ие болды. Британдық жас спортшы Арвид Линдблад сегізінші орынды иеленіп, өзінің дебюттік жарысында ұпай жинай алды.
Бұған дейін Формула-1 патшасы Майкл Шумахердің ес жиғаны хабарланған болатын.






Leave a Reply