Трамп Ресей-Украина қақтығысына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады


11:56, 31 наурыз 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп 30 наурызда Ресей-Украина қақтығысы, Ресей президенті Владимир Путинмен байланыс және Иранмен жағдай туралы бірнеше мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News дерегіне сүйенсек, негізгі көтерілген мәселелер:

  • Трамп жаңа ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда, Иранға «олар әлі көрмеген» соққылар күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ президенті Украина бойынша Мәскеумен келісе алмаса, Ресей мұнайына қайталама баж салығын енгізуге дайын.
  • Оның айтуынша, қақтығысты реттеу бойынша келіссөздерде ілгерілеу болмаса, штаттар Ресей Федерациясынан мұнай импорттаушыларға тыйым салуы мүмкін.
  • «Путин менің зұлым екенімді біледі, бірақ біз онымен өте жақсы қарым-қатынас орнатудамыз, егер Путин дұрыс әрекет етсе, ашуым тез басылады»,- деді Америка президенті.
  • Сондай-ақ, Трамп жақын арада Путинге қоңырау шалуды жоспарлап отырғанын айтты.

Бұған дейін Бангкоктағы жер сілкінісінің қорқынышты кадрларын жариялаған болатынбыз.