22:29, 19 мамыр 2025
АҚШ пен Ресей Федерациясы президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 19 мамырда телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қос елдің көшбасшылары сөз барысында мыналарды қамтыды:
- Әңгіме 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Ресей президенті арада болған әңгімені мазмұнға бай, ашық әрі өте пайдалы деп атады.
- Ресей президенті Трампқа Мәскеу мен Киевтің тікелей келіссөздерін жаңғыртуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. АҚШ президенті атысты доғаруға қатысты өз ұстанымын білдірді.
- Ресей Украинамен бірлесе меморандуммен жұмыс істеуге дайын, оның ішінде атысты доғару жайын да, — деді Путин.
- Сондай-ақ, ол: «Ресей мен Украина барлық тарапты қанағаттандыратындай мәмілеге келу керек», — деді. Путин Украинамен арадағы келіссөздердің қайта жаңғыруы турасында: «Біз жалпы дұрыс жолдамыз».
Бұған дейін Дональд Трамп Ресей мен Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлескелі отырғанын айтқан болатын.






Leave a Reply