16:58, 26 қараша 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 26 қарашада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 26-27 қарашада Қырғыз астанасы — Бішкекке баратынын Ақорда 24 қарашада жариялаған болатын.






Leave a Reply