Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үлкен Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады.

Онда Тоқаевтан өзге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген шет мемлекеттердің басшылары да болды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен Мәскеуде келіссөз жүргізген еді.