19:10, 14 қазан 2025
Тоқаев белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысқанын жазған едік.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады.






Leave a Reply