ТЖМ қызметкерлері науқасты ұшу алаңында күтіп тұрған санитарлық авиация ұшағына дейін жеткізді


19:15, 18 наурыз 2025

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері науқасты тасымалдауға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

112 пультіне Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 7 шақырым қашықтықта, 1949 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет екені туралы хабарлама түсті.

Жолдың болмауына байланысты жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмаған.

ТЖМ қызметкерлері «Байкал» қар-батпақ көлігінің көмегімен науқасты ұшу алаңында күтіп тұрған санитарлық авиация ұшағына жеткізді.

Әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.