Спорт министрі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жаттығуына барды


17:16, 13 мамыр 2025

Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоровтың жаттығу жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Алау» мұзайдыны сарайында 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпия ойындарына және халықаралық жарыстарға дайындалып жатқан мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың көшбасшысы, биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоровтың жаттығуы жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда «Алау» мұзайдынында еліміздің үздік спортшылары арнайы жеке бағдарлама бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Министр Михаил Шайдоровпен жеке кездесіп, дайындығы, спорттық формасы мен психологиялық жағдайы туралы сұрады. Сонымен қатар жаттықтырушылар құрамымен пікір алмасып, алда келе жатқан маңызды жарыстарға дайындық барысын талқылады.