13:52, 6 қараша 2025
Сенат депутаты Жанна Асанова Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның «тоқал институтын» заңдастыру жөніндегі бастамасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қараша 2025 жылы Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Асанова бұл мәселеде басты назар заңға аударылуы тиіс екенін атап өтті:
«Барлығын заң аясында айту керек. Біздің Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған», – деді ол.
Сенатордың айтуынша, бұл тақырыптағы өзге пікірлер тек жеке көзқарас болып табылады.
«Мен некедегі зайырлы қарым-қатынастарды қолдаймын», – деп қосты Асанова.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзету – «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабы күшіне енген болатын.






Leave a Reply