ПСЖ осы маусымдағы үшінші титулға ие болып, тағы екеуіне үміт артып отыр


11:55, 25 мамыр 2025

Францияның футбол клубы — ПСЖ квадрупл мүмкіндігін сақтап қалған Еуропадағы жалғыз клуб болды. «Париждіктер» 1-Лиганы, Франция Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, енді алда УЕФА Чемпиондар лигасының финалы тұр, сондай-ақ клубтық әлем чемпионаты тағы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 мамырға қараған түні Луис Энрикенің командасы Франция Кубогының финалында Реймсті 3-0 есебімен жеңіп, осы маусымдағы үшінші кубогын жеңіп алды.

Бұған дейін Париж командасы Франция чемпионаты мен ел Суперкубогының жеңімпазы атанған.

zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!



Тағы да оқыңыздар: