Павлодар облысында тасжолда болған жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты


11:19, 12 қазан 2025

Павлодар облысында жүргізуші мен жолаушы қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, жол апаты 11 қазанда Омбы – Майқапшағай тасжолында, Қызылқоғам ауылынан шамамен үш шақырым жерде болған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті ауа райы қолайсыз кезде жол ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтаудың маңызын еске салды.