09:12, 24 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы бірнеше жазушы мен ақын үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қажетті құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда қол қойды.
«Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды»,- деп жазды Ақорда.
Осылайша, биыл келесі жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі:
- «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
- «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
- «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
- «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.
Бұған дейін Трамппен телефон арқылы сөйлескен Тоқаев оны Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын жазғанбыз.






Leave a Reply