11:18, 24 наурыз 2025
Алматылықтарға, сондай-ақ қала қонақтары мен туристерге бүгін, 2025 жылы 24 наурызда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұратыны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының ТЖ департаменті 24 наурызда Алматыда күндіз қатты жауын-шашын жауады, найзағай ойнап, қатты жел соғатынын ескертті.
«Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді», делінген хабарламада.
Осыған байланысты төтеншеліктер қалалықтар мен қала қонақтарына тауға барудан бас тарта тұруды сұрайды.






Leave a Reply