09:56, 22 қаңтар 2026
Президент 2026 жылғы 21 қаңтарда «Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарлық мәтінінде:
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссияны) құру тапсырылған.
Комиссияның регламенті мен құрамы бекітілген.
Конституциялық комиссия – Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
Төрағасы – Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы.
Хатшысы – Президент әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, қоғамдық қайраткерлер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестер өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қоғам өкілдері кіреді.
Комиссияның негізгі міндеті – Конституциялық реформалар бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыс органы – Қазақстан Конституциялық сотының аппараты. Отырыстар қажет болған кезде өткізіледі.
Отырыстар заңды болып саналады, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының екі-үштен екісі қатысса.
Төраға комиссияның қызметін басқарады, отырыстарға төрағалық етеді және комиссия жұмысы туралы Президентке есеп береді.
Комиссияның жұмыс органы:
Комиссия отырыстарына арналған материалдарды әзірлеуді ұйымдастырады;
Комиссия мүшелерін кезекті отырыстың орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабардар етеді, қажетті материалдармен уақытында қамтамасыз етеді.
Комиссия мүшелері:
Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
Комиссия отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.
Конституциялық комиссия құрамына кірді:
- Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы
- Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
- Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
- Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:
- Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Алтынбеков Бекзат Құмарұлы – «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Асанов Жақып Қажыманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
- Атабаева Гүлзира Нұржанқызы– «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі;
- Ахметзакиров Наиль Рафисұлы – Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы;
- Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Әбішев Ғазиз Серікұлы – саяси шолушы;
- Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облысы мәслихатының төрағасы;
- Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
- Әленов Бауыржан Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;
- Әубәкірова Индира Оралқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
- Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы ‒ Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Байбеков Шалқар Заманбекұлы – Абай облысы мәслихатының төрағасы;
- Байғожаев Қуат Сұлтанұлы ‒ Алматы облысы мәслихатының төрағасы;
- Балтабаев Әділ – журналист, «President» тележобасын жүргізуші;
- Башимов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі;
- Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
- Борчашвили Исидор Шамилович – Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;
- Бубенко Владимир Степанович – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
- Бурахан Ернұр Көшерханұлы ‒ «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- Годунова Наталья Николаевна – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы – Астана қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы;
- Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры;
- Дүйсенов Еркін Эрманұлы – «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректор, профессор, заң ғылымдарының докторы;
- Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі;
- Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
- Ерғарин Дәурен Тілекұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
- Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
- Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
- Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы ‒ Қостанай облысы мәслихатының төрағасы;
- Жақаева Лейла Сұлтанқызы – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы;
- Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының cудьясы;
- Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті;
- Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы;
- Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
- Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы – «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы – Ақмола облысы мәслихатының төрағасы;
- Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Жылқышиев Байділда – Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы;
- Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы;
- Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;
- Исетов Арман Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- Кенжеханұлы Рауан – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті;
- Ким Вера Александровна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы;
- Кузиева Замира Зәкіржанқызы – Астана қаласы «Единый консолидирующий центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры;
- Күнтуған Еркежан – «Жібек жолы» телеарнасының директоры;
- Қадыров Данияр Рамазанұлы – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті;
- Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
- Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзиялар жөніндегі кеңестің төрағасы;
- Қамзабекұлы Дихан – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
- Қарабасова Лаура Шапайқызы – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;
- Қарағойшин Рустам Тимурұлы – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі;
- Қобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы;
- Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublika» партиясы фракциясының жетекшісі;
- Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының тележүргізушісі;
- Құлкенов Мереке Әбдешұлы – «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
- Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – қоғам және мемлекет қайраткері;
- Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі;
- Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
- Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Allur Group» компаниялар тобы» акционерлік қоғамы және «Qarmet» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;
- Ластаев Артур Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі;
- Малахов Дмитрий Михайлович – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы;
- Малиновский Виктор Александрович – «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры;
- Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы – Маңғыстау облысы мәслихатының төрағасы;
- Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
- Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатыныңтөрағасы;
- Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы;
- Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы – Қызылорда облысының әкімі;
- Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы – «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы – Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы;
- Нұралиев Әбдәлі Тоқбергенұлы – Жамбыл облысы мәслихатының төрағасы;
- Нұрғалиева Мәдина Маратқызы ‒ «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры;
- Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;
- Нұрмұханов Бақыт Маратұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары;
- Нұртаза Самат Русланұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
- Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы ‒ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы;
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
- Перепечина Ольга Валентиновна ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі;
- Пономарёв Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі;
- Рожин Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
- Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
- Сапиев Бақытжан Шаймұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
- Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі;
- Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
- Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы– Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
- Сұраған Дурвудхан – математик, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
- Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы ‒ Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы;
- Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;
- Теренченко Илья Сергеевич ‒ Павлодар облысы мәслихатының төрағасы;
- Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы ‒ Жетісу облысы мәслихатының төрағасы;
- Тоқтамұрат Армангүл – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының продюсері;
- Тоқшалық Ерлан Бейсенұлы ‒ Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
- Толықбай Мақсат Мәлікұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы ‒ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы –ректор;
- Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты өкілі;
- Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы ‒ Қызылорда облысы мәслихатының төрағасы;
- Ударцев Сергей Федорович – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
- Умарова Айман Мұратқызы – адвокат, «Правозащитники» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы;
- Фазылжан Анар Мұратқызы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
- Хайруллиев Мұса Қарашаұлы ‒ Атырау облысы мәслихатының төрағасы;
- Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі;
- Шаймарданов Жандос Нұрланұлы ‒ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;
- Шапақ Үнзила ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
- Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Шибутов Марат Максұмұлы – саясаттанушы;
- Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы;
- Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы ‒ Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы;
- Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
- Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Юсупов Мейіржан Бақытұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
Жарлық 21 қаңтардан бастап күшіне енді.
Бұрын хабарлағанымыздай, Тоқаев Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойған еді.






Leave a Reply