20:09, 10 қазан 2025
Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық турнир басталды. Турнирде әйелдер арасында қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аралық көшбасшылықты Грузия өкілі Анастасия Губанова иеленді — 65.76 ұпай, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Италиялық Анна Пеццетта екінші орын алса (64.32), ал Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин үздік үштікті түйіндеді (62.10).
София Фарафонова 23-орын алды — 29.20 ұпай, Амина Алексеева — 24-орында (25.29), ал Русалина Шакрова — 25-орынға тұрақтады (24.07).
Бұған дейін «Қайрат» клубы Темірлан Анарбековқа қатысты тың ақпаратпен бөліскен болатын.






Leave a Reply