Мамыр айының басында ауа райы қандай болады


Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге – 2025 жылғы 3 мамырдан 5 мамырға дейін болжам жасады. Бұдан республикада тұрақсыз ауа райы күтілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Мамыр айының басында Қазақстанда барикалық түзілістердің жылдам өзгеруіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», – делінген хабарламада.

Бүгін, 2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Күндіз Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман күтіледі». «Қазгидромет» РМК

Гидрометеорологиялық орталық температураның күрт өзгеруі күтілмейтінін атап өтті.