Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының мамандары таулы беткейлерде шыққан алғашқы бәйшешектердің әсем суреттерін жариялап, халықты қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 4 ақпанда қорықтың Instagram парақшасында «Қаратаудағы көктем жаршылары» деген жазумен фото жарияланды.
Қорық қызметкерлері алғашқы бәйшешектер туралы поэтикалық сипаттама берді:
«Қысқы тыныштықтан кейін Қаратау өңірінде ең алғаш болып көз тартатын – көктемнің нәзік те әсем хабаршылары. Қар ерісімен-ақ бой көтерген бұл гүлдер табиғаттың оянғанын паш етеді. Алатау бәйшешегі – көктемнің алғашқы лебі, тазалық пен үміттің белгісі. Ол қатаң қыстан кейін де өмірге деген күш пен сұлулықтың бар екенін еске салады. Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай».






Leave a Reply