Конституция есімді қазақстандық референдумда дауыс берді


19:23, 15 наурыз 2026

Конституция Нарбаева есімді Қазақстан азаматы республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1958 жылы туған ол 68 жылдан бері осы есімді иеленіп келеді. Оның айтуынша, бүгінгі дауыс беру – ел үшін маңызды күн.

«Мен өте қуаныштымын. Бүгін халықтың қолдауын сезіну маңызды», – деді Конституция Нарбаева.

Ол референдумға қатысуды азаматтық борышым деп санайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Астана тұрғыны референдум учаскесінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағанын жазған едік.