Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды


14:15, 21 тамыз 2025

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Еске салайық, бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болғанын жазған едік.