Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді


14:09, 24 ақпан 2025

Украина президенті Владимир Зеленский президенттік қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Мұны Украинадағы бейбітшілікке немесе елдің НАТО-ға мүше болуына айырбастауға болатынын алға тартты.

Бұған қоса Зеленский Украинаның қауіпсіздігі басты мақсат екенін және ондаған жылдар бойы билікте қалмайтынын да айтты.

Сондай-ақ Украина президентінің айтуынша, өзін халықтың 65 пайызы қолдайды. Ол елде президент сайлауы әскери жағдай күшін жойғаннан кейін өтетінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Украина мен Ресей арасында қарулы қақтығыстың басталғанына тура 3 жыл, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атап, оны украиналықтардың 4 пайызы ғана қолдайды деген еді.