Зарина Дияс өз жеңісіне қатысты пікір білдірді


14:56, 29 қараша 2025

Белгілі қазақстандық теннисші Зарина Дияс AO Wild card Play-Off турниріндегі жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зарина Дияс Чэнду қаласында өткен Аустралия ашық чемпионатына Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда тайбэйлік Лян Эньшуомен өзара бақ сынасты. Екі сет те 6:3, 6:4 есебімен Заринаның пайдасына шешілді. Осылайша, Зарина 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатына жолдама алды.

«Бұл — сәт ең қиын күндерден кейін әрқашан өміріңізге жарық түсетіндігінің дәлелі. Ментальды тұрғыда жүріп өткен қиын жолдан кейін O Wild card Play-Off жеңісі менің күшімді айшықтай көрсетті. Мен өз тағдырыма ризамын және осындай жолды басып өткенімді мақтан тұтамын». Зарина Дияс

Бұған дейін үстел теннисінен әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев 1/16 финалда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өткенін жазғанбыз.