Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді


Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді

📰 Boxingscene сайтының журналисі Стивен Эдвардс әлемнің үздік боксшыларын атады.

🔹 Аталған тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО)да кірді. Отандасымыз 20-шы орынға тұрақтады.

📈 P4P-рейтингінің көшін америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) бастап тұр.

🔹Үздік бестіктің қатарына украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) енді.

🇲🇽 Ал Сауль Альваресті (63-2-2, 39 КО) өз рейтингінде 8-ші орынға қойды.