17:59, 14 ақпан 2025
Қостанай облысында жоғалған ер адам Жітіқара маңынан аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, 13 ақпанда сағат 22:00-ге жақын Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютинка кентінің тұрғыны Жітіқара қаласына қарай жаяу шыққан.
Ол межелі жерге жетпеген соң түн ортасында туыстары дабыл қағып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1991 жылы туған ер адам таңға қарай Жітіқара қаласынан 14 шақырым жерден табылып, елді мекенге жеткізілді.
Оған медициналық көмек қажет болмаған.






Leave a Reply