жолаушы таксиден құлап, дөңгелек астында қалды


Қостанайда Гоголь мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушы көлік жүргізу кезінде такси салонынан құлап түсті, артынша әйелді басқа көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші бірден ауруханаға жеткізілген.

Alau.kz жазуынша, жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Басылым такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын да жазды.

Бұған дейін Атырауда мас ер адамның полиция формасында көлік айдап, жедел жәрдем ішінде төбелес шығарғанын жазғанбыз.