16:14, 4 қаңтар 2026
Қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.
Жеңілмеген Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) ақпан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.
«Ақпанда кездескенше», — деп жазды Солдат Q Instagram желісінде.
Әзірше Садриддин қарсыласының атын атаған жоқ.
Еске салайық, 2025 жылғы 22 қарашада Ахмедов мексикалық боксшысы Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 КО) Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасуды жоспарлаған, алайда ол жекпе-жек өтпей қалды.
Қазақстандық боксшының кейінгі айқасы 2025 жылғы сәуірде өтіп, күтпеген жерден тең нәтижемен аяқталған еді.






Leave a Reply